Көкдөнендіктер бір отбасыға үй сыйлады

403 Views

Асарлатып үй салу жобасы аясында

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасымен Көкдөнен ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында салынған баспананың кілті табыс етілді.
Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, Көкдөнен ауылдық округінің әкімі Төлеген Атабаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа тұрғын үй жалғызбасты ана Съездкүл Абжаловаға сыйға беріліп, осылайша оның отбасы қуанышқа бөленді.
Тұруға жарамсыз, ескі үйі бұзылып, орнына жаңа тұрғызылған 4 бөлмелі жаңа шаңырақтың кілтін аудан әкімінің орынбасары Әлібек Мамытжанұлы салтанатты түрде табыстап, ауыл тұрғындарына осы шараға атсалысқаны үшін шексіз алғысын білдірді.
Айта кетейік, Т.Рысқұлов ауданында ағымдағы жылы аталмыш жоба аясында 14 үйді салу жоспарланып, бүгінде оның бесеуінің кілті табыс етілген.
Дәл осындай игі істер аудан аумағында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Мөлдір Тастанбек,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Поделиться ссылкой: