Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жазушы Ә.Әшімовке (Тарази), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Онкологиялық орталық» МКК бас дәрігері М.Төлетаевқа, Шығыс Қазақстан облысының “Қазмырыш” ЖШС бас директоры А.Хмелевке берілді.
Әкім Тарази 1933 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл облысы, Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданы, Жаңатұрмыс ауылында бітірді.
1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін тәмамдап, 1957-1959 жылдары Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңатұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс берді.
Қарымды қаламгердің «Ақбердінің ауласы», «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған», «Қорғау жұлдыз», «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» атты романдары, драматургиялық шығармалары мен өзге де тарихи-танымдық еңбектері оқырман қауымға кеңінен танымал.
“Aq jol” — Aqparat”.