Тәуелсіздік тойына орай өткен турнир

454 Views

Ел Тәуелсіздігі­нің 30 жылдығына орай салауатты өмір салтын сақтап, полиция қызметкерлерінің дайын­дық деңгейін арттыру мақсатында Көліктегі полиция департаменті мен Луговой станциясындағы желілік полиция бөліністерінің арасында шағын футболдан турнир өтті. Турнирдің ашылу рәсімінде Луговой станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ербол Абдраманов сөз сөйлеп, тәуелсіздіктің тұғыры жайында оябы бөлек ой айтты. Сондай-ақ, Луговой станциясы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Дәурен Қожабергенов те Азаттық хақында азаматтық лебізін білдірді.
Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынға есірткіге қарсы іс-қимыл және криминалдық полиция бөлімшелерінен құралған команда жігіттері, жүлделі екінші орынға әкімшілік полиция бөлімшесінің қомандасы ие болды. Ал жүлделі бірінші орынды желілік полиция бөлімшелерінен (Меркі, Шалдовар, Тәтті, Аспара) құралған қоманда жеңіп алды. Жеңімпаз болған команданың капитаны Мият Сұлтанов екенін айта кетейік, осы арада. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

М.Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: