Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
52 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Қадірменді халайық! Еліміздің тұрақтылығы мен бірлігі өз қолымызда. Қазіргі кезде білім беру саласына үлкен қолдаулар берілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен педагогтарымыздың жалақысы жыл сайын өсуде. «Педагог мәртебесі» заңы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Осының бәрін, біз, білім саласы қызметкерлері, сезінеміз. Өкінішке орай, Жаңа жылымыз жайсыз оқиғамен басталды. Оқиға салдарынан көп шығынға ұшырадық. Дейтұрғанмен, біз бәрін де бірлесе жеңеміз.
Қазақ ақыл-парасаттылығымен әр заманның қиылысында талай қиын-қыстау кезеңінен өткен ұлт. Дәстүрін сыйлаған, үлкенін құрметтеген, асыл сөзге құлақ асқан елміз. Біз, педагогтар, ел ұрпағына, білім мен тәрбиенің нұрын себетін мамандық иелеріміз. Ұрпағымыздың амандығы – еліміздің болашағының амандығы. Біз, ауданның барша білім саласы қызметкерлері елдің тыныштығы, ұрпағымыздың амандығы үшін, Президентімізді қолдап, еліміздің тыныштығын тілейміз. Береке-бірлігімізден арылмайық, ағайын!
Майра Базарова,
аудандық білім бөлімінің басшысы.