Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Қасіретті қаңтардағы оқиғаларға алаңдап жүріп, елдегі эпидахуалды ұмыт қалдырғандаймыз. Шыны керек, бүгінде бір тәуліктің өзінде індеттің жаңа түріне шалдығып жатқандардың қатары күрт көбеюде. Мәселен, ресми деректерге сүйенсек, өткен тәулікте 11 524 адамнан коронавирус індеті анықталып отыр. Айта кетейік, ел бойынша аталмыш ауруға шалдыққандардың жалпы саны дәл қазір 1 061 432 адамды құрады.
Антикөрсеткіштердің көш басында нұрсұлтандықтар тұр. Онда өткен тәулікте ПТР арқылы 4 639 адамнан індет анықталған. Ал екінші орында 1578 науқас тіркелген Алматы қаласы тұр. Орталық Қазақстан аумағында да жағдай мәз емес. Қарағандыда бір күннің ішінде 1 356 адам ауру жұқтырған. Ал қалған өңірлерде індетті жұқтырған азаматтардың саны қуанышымызға орай 500-ге жетпейді. Дегенмен, дәл қазіргі таңда «сары» аймақта бір облыс қана қалып отыр. Ол – Түркістан облысы. Ал қалған өңірлердің барлығы «қызыл» аймақта тұр. Өкінішке орай, бұл тізімде Жамбыл облысы да бар. Біздің аймақта соңғы тәулікте 257 адам вирус жұқтырған.
Аурудың алдын алу жұмыстары да жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Атап айтар болсақ, 16 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 9 062 324 адам, 2 — ші компонентін 8 620 751 адам салдырған. Енді шамамыз келгенше жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялауға қатысты ақпараттарды да ақтарып өтейік. Бүгінде ресми ақпараттарға сәйкес Pfizer вакцинасының І компонентін 353 537 жасөспірім, 24 255 жүкті әйел, 61 700 бала емізетін әйел салдырған. Ал вакцинаның ІІ компонентін 182 257 жасөспірім, 11 886 жүкті әйел, 31 853 бала емізетін әйел салдырып, олар осылайша қоғамда ұжымдық иммунитетті қалыптастырған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Жәнібек Сұлтан.