Жарқын өмір – өз қолыңда!

539 Views

Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері көптеген ілкімді іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыра біледі. Сондай шараның бірін олар жақында тағы да өткізді.
«Жарқын өмір өз қолыңда» деген тақырыппен өткен іс-шарада алдымен Басқар Битанов атындағы халықтық театрдың әртістері Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» өлеңін ерекше шабытпен оқыды. Мұндай іс-шарада ұйымдастырушылар жастардың да пікір білдіргенін қалапты. Яғни, шараға аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары да қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сондай оябы бөлек ой айтқан жастың бірі Ерболат Жәдік болды.
– Жастар қай елде болмасын асқақ арман мен өр намыстың символы. Мен де өршіл жастың бірімін. Қазтуған жырау заманында:
– Арайна, билер арайна,
Арайна десем, болғай ма?
Арайнасыз әр қайда?
Ердің ісі оңғай ма?! – деп жырлапты. Біздің бірлігіміз мығым болуы тиіс қазіргі заманда. Бірлік бекем болса ғана тірлік алға басатыны анық, – деді ол.
Іс-шара барысында өзге қонақтар да пікір білдіріп, сөз сөйледі. Шара соңы Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің әншісі Ерболат Құлышевтің орындауындағы «Қарға тамыр қазағым» әнімен қорытындыланды.

М.Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: