29 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Омикрон жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайды
682 Views
Коронавирустың «омикрон» штаммы алдымен жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатын зақымдайды. Бұл туралы дәрігерлер айтып, тұрғындарға кеңінен мәлімет беруде.
Дәрігерлердің айтуынша, «омикронның» басты белгілерінің бірі – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, басқа да клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, бұлшықеттердің ауруы, тамақ ауруы және жөтел.
«Омикронның» белгілері жіті респираторлық инфекцияға ұқсас, екі жағдайда да емдеуді аурудың алғашқы күнінен бастаған абзал. Көп мөлшерде су ішіп, натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен тамақты жиі шаю керек. Дене қызуы көтерілсе, ибупрофен немесе парацетамол қолдануға болады. Егер температура 38 градустан жоғары және 3 күнге дейін сақталса, онда дәрігер кеңесіне жүгіну қажет.
«Коронавирустың жаңа штамын емдеу науқастың жасына, денсаулығына, патологиялық процестің ауырлығына және асқыну қаупіне байланысты болады. Бірақ өзін-өзі емдеуге мүлдем болмайды», – дейді дәрігерлер. Сондай-ақ, олар антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға мүлдем болмайтынын баса айтуда.
Дәрігерлердің сөзінше, вирустың бұл нұсқасына немқұрайлы қарауға болмайды. Сондықтан да инфекциялардың алдын алу үшін бәрімізге сақтық шараларын сақтау – аса маңызды. Қоғамдық орындарда маска тағу, қол гигиенасын сақтау (қолды жуу), антисептиктерді қолдану, адам көп жиналатын орындардан барынша аулақ болу және тағы басқа шараларды қатаң ұстанған абзал.
CORONAVIRUS2020.KZ

