ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
190 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалы тұрақты жұмыс арқылы көрініс береді. Осы мақсатта ел аумағында жыл сайын еңбек, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік секілді салаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы орайда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның ІІІ бағыты – Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша біршама жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Аталмыш бағыт бойынша 2022 жылы республикалық бюджеттен 18 432,0 теңге бөлінсе, жергілікті бюджеттен 5105,0 теңге қарастырылды. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның ІІІ бағыты барысында қазіргі таңда 16 жұмыс берушіден өтінімдер жинақталып, 68 азамат жұмысқа жолданды.
Асылбек БАЛАТАЕВ,
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.