Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
93 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561-lV Заңының 39 бабына сәйкес, азаматтар Әскери оқу орындарына оқуға түсе алады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына үміткерлерді уақтылы және сапалы жасақтау үшін, әскери оқу орындарына түсетін 17-18 жасқа толған азаматтар Т.Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының атына өтініш береді.
Кешенді тестілеуді (КТ) тапсыратын үміткерлер тұрғылықты мекен-жай бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қазірден бастап тіркеуге тұру керек. Себебі тестілеуге бір ай қалғанда қабылданбайды.
Әскери оқу орындарының мекен-жайлары:
– ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери институты, Алматы қаласы;
– ҚР ҚМ Әуе Қорғаныс Күштері әскери институты, Ақтөбе қаласы;
– ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы қаласы;
– ҚР ҚМ Кадет корпусы, Щучинск қаласы.
Сонымен қатар, ер азаматтар және қыздарда шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарына (ӘОО-на) түсу үшін ниет білдіре алады.
– С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясы (Санкт-Петербург қ.);
– Ереван мемлекеттік медициналық университет (әскери-медициналық факультет Ереван қ.) және де басқа шетел мемлекетінде әскери оқу орнына түсу үшін құжаттар тізбесін Т.Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратына әкелулеріңіз тиіс.
Мекен-жай: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі 126 үй.
Тел: 2-14-81, 2-13-53.