Пятница начинается с такого видео
155 ViewsПятница начинается с такого видео. Это наша Рухия Байдукенова и певец Чжан Хэ Сунань поют гимн музыкального проекта Silk Way Star на V форуме…
Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған 5 маусым күні өткен жалпыұлттық референдумның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан бір топ аудан азаматтары қатысты.
Кеңейтілген отырысқа аудандық референдум комиссиясының төрағасы М.Тлепов қатысып, жиынды өзі жүргізіп отырды. Алғашқылардың бірі болып сөз алған төраға республикалық референдум ұйымдастыру мен өткізу қорытындылары туралы баяндады да, таңдауға қатысқан бірқатар белсенді азаматтарды марапаттады.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен Ә.Тәжіков, Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен К.Ақмолдаева және Г.Үдербаева марапатталса, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Алғыс хатына 33 учаскелік референдум комиссия мүшелері ие болды.
Жәнібек СҰЛТАН.
