ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
29 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ
МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Сіздерді елдік пен татулықтың туын көтерген, Сарыарқаның сайын даласына керегесін кең жайған Елорда күні мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Біздің астанамыз – мемлекетіміздің басты мақтанышы, кең-байтақ отанымыздың жүрегі әрі символы. Сан ғасырдан бері азаттықты аңсаған рухты бабаларымыздың арманы болған елдің ордасы, ұлттық нақыштағы қайталанбайтын әсемдікке тұнған айрықша қала.
Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы – саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестер мен инвесторлар, конфессия өкілдері мен зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны. Бұл қала шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы.
1998 жылы Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде заманауи Елорда бой көтерді. Бұл – халқымыз үшін аса маңызды тарихи оқиға. Біз елорданың қалыптасуының куәгерлеріміз!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Уақыт озған сайын Нұр-Сұлтан қаласы күнінің маңыздылығы артып, ол тек елордалықтар ғана емес, бүкіл еліміздің асыға күтетін мерекесіне айналды. Нұр-Сұлтан қаласы ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының, әлемдегі сәулет өнеріндегі бірден-бір қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналды. Қазақстанның жас елордасы – қарыштап дамыған мемлекеттің, Мәңгілік Елдің символы. Баршаңызды Елордамыздың 24 жылдық туған күнімен құттықтай отырып, елімізге береке мен бірлік тілейміз. Елордамыз өсіп, өркендей берсін!
Қазақ елінің жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін! Елордамыз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Мәслихат хатшысы Е.ӘбутӘлІпов.