Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
119 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Тұрар Рысқұлов аудандық соты жол көлік оқиғасымен келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы Б.-ның Е.-ға қатысты талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.
Істі қарау барысында Қызылшаруа ауылында кешкі уақытта қараусыз қалған, жауапкер Е.-ға тиесілі жылқы жолға жүгіріп шығып кетіп, нәтижесінде талап қоюшы Б-ның басқаруындағы «BMW 525» маркалы автокөлігіне барып соқтығысқаны анықталды. Соның салдарынан оған материалдық залал келтірілген. Өз кезегінде полиция органы жауапкер Е., ды жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарқан.
Сот отырысында жауапкер 2022 жылдың 22 шілдеге дейін 450 000 теңге көлемінде материалдық шығынды талап қоюшыға төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы өз кезегінде талап арыздан бас тартатыны жөнінде медиациялық келісімге келді.
«Құлан таңы» ақпарат.