Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің кейбір баптарын қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары

420 Views

Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің 168-бап. Апелляциялық шағым беру тәртібі
1. Апелляциялық сатыдағы сотта апелляциялық шағым бойынша апел­ляциялық шағым жасау мен әкім­шілік іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азамат­тық процес­тік кодексінің қағидаларында айқын­далады.
2. Заңды күшіне енбеген соттың шешімдеріне әкімшілік процеске қатысушылар апелляциялық шағым беру арқылы апелляциялық тәртіппен түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап екі ай ішінде шағым жасауы мүмкін. Прокурордың апелля­циялық өтініш хаты осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап екі ай ішінде берілуі мүмкін.
3. Бірінші сатыдағы соттың ұйғары­мына жекеше шағым, прокурордың өтініш хаты ұйғарым түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
4. Уәкілетті органның мемлекеттік сат­ып алу­ды өткізуді тек­серу қорытын­дылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына және сот орындаушыларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкім­шілік істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтініш хаты шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін.
Апелляциялық өтініш хат келтіру құқығы әкімшілік істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі.
5. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңес­тірілген прокурорлар өз құзыреті шегін­де әкімшілік істің қаралуына қатысқан-қатыспағанына қарамастан шешімге апел­ляциялық өтінішхат келтіруге құқылы.
Апелляциялық шағым жасау, өтінішхат келтіру мерзімдері өткен соң, егер апелляциялық шағым, өтінішхат берілмесе, соттың шешімі заңды күшіне енеді.
6. Бірінші сатыдағы соттардың сот актілеріне әкімшілік процеске қатысу­шылардың апелляциялық шағымдарын, прокурордың өтінішхатын облыстық және оған теңестірілген соттар қарайды.
7. Осы Кодекстің 102-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған әкімшілік істер бойынша шығарылған сот акті­леріне апелляция­лық шағым­ды, прокурордың апелляциялық өтініш­хатын Нұр-Сұлтан қаласының соты қарайды.
8. Апелляциялық сатыдағы соттағы әкімшілік іс ақылға қонымды, бірақ ол сотқа келіп түскен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі.
Аса күрделі әкімшілік істер бойын­ша бұл мерзім соттың уәжді ұйғары­мымен ақылға қонымды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Сот талқылауының мерзімін ұзар­ту туралы ұйғарым прокурордың өтініш­хаты бойынша шағым жасауға, қайта қаралу­ға жатпайды.
Апелляция­лық сатыдағы сот­та ал­­дын ала тыңдау осы Кодекс­тің 21-тарауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның мем­лекет­тік сатып алуды өткізуді тексеру қорытын­дылары бойынша шешімдеріне, қорытын­дыларына, нұсқамаларына және сот орындаушыларының әреке­тіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік іс ол сотқа келіп түскен күн­нен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
9. Әкімшілік процеске қатысушының уәжді өтінішхаты бойынша сот оған өзінің құқықтық ұстанымын негіздеу үшін бір айдан аспайтын қосымша мерзім беруге құқылы.
10. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы шағым жасаудың кассациялық мерзімі өткен соң күшіне енеді.
Кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына жекеше шағымдар бойынша апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары жария болған күнінен бастап күшіне енеді.
Әкімшілік істің одан әрі жылжу мүмкін­дігіне кедергі кел­тіре­тін апелляция­лық сатыдағы соттың өзге де ұйғарым­дарына кассациялық тәртіп­пен шағым жасалуы мүмкін.

Л.Байтленова,
аудандық соттың судьясы.

Поделиться ссылкой: