23 маусым – Қазақстан полициясы күні
45 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Жуырда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық штабының отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқанының барысы талқыланды. Іс-шараға партияның өңірлік филиалдарының, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері қатысты.
«Ауыл» партиясы үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық 20 өңірін қамтығаны атап өтілді. Олар барлық 88 қалада және 166 ауылдық жерде үгіт-насихат шараларын ұйымдастырады. Өңірлік штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлесе, оның 70% -ы өткізілген. Штабтар сайлау күні үшін сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларды даярлау бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінде Жигули Дайрабаев бастаған топ өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай облысының, сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент қаласының сайлаушылармен кездесті. Кандидат келесі аптада Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесуді жоспарлап отыр.