23 маусым – Қазақстан полициясы күні
44 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Ақкөл қаласына сапармен барды. Бұл туралы ЖСДП-ның әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды.
Ақкөлде өткен кездесу барысында кандидат жиналған қауымға сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндады.
Бұған дейін Нұрлан Әуесбаев Астанадағы жатақханаға барып, ондағы тұрғындармен кездескен болатын. Сондай-ақ, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында кездесулер өткізген.
Жалпы үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.