Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
28 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына барды. Ең алдымен кандидат Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті. Бірнеше жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы жоғары сұрыпты ұн өндіріп, 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді экспорттауға ниетті. Алайда, кей кезде кәсіпорынға бидай жеткізуде қиындықтар туындап, вагондар тапшылығы байқалады. Ұн тарту зауытынан кейін кандидат мал бордақылау кешеніне барды. Қазіргі уақытта елімізде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта жұмыс істейтін бұл кешен Ақтау қаласының тұрғындарын сапалы етпен қамтамасыз етуде. Алайда мұнда су мәселесі әлі шешілмей отыр, зауыт суды сатып алуға мәжбүр. Сонымен қатар Жигули Дайрабаев Мұнайлы ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жем-шөп дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Өткен жылмен салыстырғанда, биыл бұл бағыт оң нәтиже беріп отыр дейді шаруа иелері. Осы ретте кандидат, түйткілді мәселелердің алдын алу үшін тамшылатып суару әдісін дамыту қажет дейді. Ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологиялар мен жабдықтарды қолдану өндіріс өнімділігін арттырмақ.