Мейрам Қажыкен Алматыға барды

284 Views

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Алматы қаласына барды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны кандидаттың Алматы қаласындағы штабы ұйымдастырды. Қатысушылар қатарында құқық қорғау органдары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері, қоғам қайраткерлері бар.
Тараптар сыбайлас жемқорлықтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибені талқылады.
Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (CPI) халықара­лық рейтингінде Қазақстан төменгі қатарда тұр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің 180 елінің арасында 102-орында болды.
Естеріңізге сала кетсек, өңірлердегі сайлаушылармен кездесу­лерде Мейрам Қажыкен атақ-даңқына, кім екеніне қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қатаң жүргізуге ниетті екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Жиында кандидат парақорлықтың, пара берудің, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдаланудың алдын алу бойынша мәселелер көтерілді. Үміткер нақты заңдар мен ережелер қуатты болмаса, құқықтық мемлекет құру мүмкін емес екенін айтты.

Поделиться ссылкой: