24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Жақсылық жаса, сыйла адамды тік тұрып!
453 Views
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы тамыз айының 1-і мен қыркүйек айының 30-ы күндері аралығында өткізіледі. Жыл сайын дәстүрге айналған аталмыш акция биыл «Жақсылық жаса!» ұранымен ұйымдастырылады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.
Акцияны өткізу бойынша аудандық іс-шаралар жоспары әзірленіп, ұйымдастыру комитеті құрылды. Акцияның маңыздылығын ескере отырып, кәсіпорындар, бизнес өкілдерін барынша атсалысуға шақырамыз. Әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар болса, аудандық білім бөлімі мен мектеп басшыларына хабарласуға болады.
Акцияны өткізу барысында балалардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, көмекті наразылық тудырмайтындай, жеке-жеке көрсету қажет. (Балалардың суреті жарияланбауы тиіс). Білім бөлімінде 1 тамыздан 30 тамызға дейін ата-аналардың өтініштері бойынша «Жедел желі» жұмыс істейді.
Байланыс телефондары:
2-14-10, 8 708 715 73 81.

