Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
20 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Хабарландыру
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес, 2023 жылы есепте тұрған запастағы офицерлерді 2 (екі) жыл мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы офицер қызметінің басымдығы:
– тұрақтылық пен келешекке сенімділік;
– отбасын қорғау және әлеуметтік қолдау;
– тұрғын үймен қамтамасыз ету;
– тұрақты еңбекақы;
– тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
– еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу;
– киім-кешекпен қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да кепілдіктер. Запастағы офицерлерді мерзімді әскери қызметке шақыру туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен толық ақпарат алуға болады.
Мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы №126. Тел: 8 (72631) 2-14-81.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім.