ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
186 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Есірткі тасымалының алдын алудағы маңызды қадамдардың бірі – қарасора алқаптарының көзін жою. Бүгінде аудандық әкімдік пен прокуратураның бастамасымен аты аталған бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта өткен жылы 40 гектар алқап жойылса, биыл маусым және шілде айларында 94 гектар алқап орылып, 89,3 тонна қарасора жойылған. Бұл үрдіс жуырда 16 тамыз күні де жалғасын тауып, оруға жататын нақты аумақтар белгіленіп, жою жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 202 гектар аумақтан 175 тонна 100 келі жабайы қарасора өсімдігі орылып, өртеу арқылы жойылды. Аудан прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесі, АПБ және құзырлы органдармен бірлесіп іске асқан шараға 14 ауылдық округтері мен Луговой орман шаруашылығы мекемесінен барлығы 43 дана техника, 112 адам жұмылдырылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.