29 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Бұны «Городоктың» тұрғындары көп күтті…
310 Views
Жұрт аузында «Городок» аталып кеткен Иван Панфилов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде сол үйлерде тұратын тұрғындар әркез мәселе көтеретін. Биыл сол мәселе өз шешімін тапты. Яғни «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде «городоктағы» үйлердің шатырлары ауыстырылып, жер төлелері жөнделуде. Алдағы уақытта дәліздер де жөнделіп, ішкі электр желілері толық жаңартылатын болады. Апта басында аудан әкімі Ернар Есіркепов «городокқа» арнайы барып, құрылыс жұмыстарының қарқынын зерделеді. Айта кетейік, аудан басшысы мердігер компания өкілдеріне құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау қажеттігін ескертіп, жауапты тұлғаларға құрылыстың сапасын қатаң бақылауды тапсырды.
«Құлан таңы» ақпарат.

