Кезекті сессия отырысы өтті
Кеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сегізінші шақырылған Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті. Аудандық мәслихат депутаты Қанатбек Арыстанбековтің модераторлығымен өткен сессия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов пен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Есеев және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі, яғни Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Тұрар Рысқұлов ауданы ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы» №16-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ләззат Сапарбекова баяндама жасады. Баяндамашының сөзінен кейін аудандық мәслихат депутаттары өз пікірлерін ортаға салды.
Сессия отырысында өзге де әртүрлі мәселелер қаралып, шешімдері сараланды.
«Құлан таңы» ақпарат.