Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қарақат ауылында дүниеге келген Ерсұлтан Тоқтасын 89 елдің спортшылары қатысқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асық атудан І орын иеленген ауданымыздың мақтанышы. Біз ол жөнінде газетіміздің өткен санында жаздық. Жас болса да Ерсұлтанның жеткен жетістіктері көп. Ол 2021 жылы асық атудан өткен ел чемпионатында бірінші орын, 2023 жылы Қазақстан біріншілігінде үшінші орын, ал биыл Астана қаласында өткен әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп отыр. Ол «Спорт шеберлігіне үміткер». Асық атудан облыстық құраманың мүшесі.
Аудан мерейін талай байрақты додаларда асқақтатып жүрген Аружан Бахытбек жөнінде де біз көп мақала жаздық. Қорағаты ауылында дүниеге келген Аружан да 2022 жылы бокстан Өскемен қаласында өткен ел чемпионатында топ жарды. 2023 жылы бокстан Италияның Ассизи қаласында өткен халықаралық турнирден жүлделі екінші орын иеленді. Аружан да «Спорт шеберлігіне үміткер». Жас спортшы биыл, яғни тамыз айының 28-і мен қыркүйек айының 2-сі күндері аралығында кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында жүлделі екінші орынға ие болды.
Өткен сәрсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов талай байрақты жарыстарда ауданның атын шығарып жүрген Ерсұлтан Тоқтасын мен Аружан Бахытбекті қабылдап, сый-құрметін көрсетті. Кездесуге Ерсұлтанның алғашқы бапкері Ескендір Тегешов пен Аружанды кикбоксингқа баулып жүрген Тұрарбай Саткенов те шақырылды. Өз сөзінде аудан басшысы қос спортшыға сәттілік тілеп, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беруіне ниеттес екенін жеткізді.
М.Жолдасбекұлы.