ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
20 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот отырысында азамат М. көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 2024 жылдың 6 қыркүйек күні Құлан ауылы, Жібек жолы көшесінің бойымен сағат 11.30 шамасында «Mercedes-Benz» маркалы көлік құралын басқарғаны анықталды.
Сот отырысында М.хаттамамен келісіп, кінәсін мойындайтынын және қатаң жазаламауын сұрады. Сот қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
«Құлан таңы» ақпарат.