24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Ринотрахеит – инфекциялық ауру
451 Views
Инфекциялық ринотрахеит – қызбамен жоғарғы тыныс жолдарының катаральды-некроздық қабынуымен, көздің, жыныс органдарының, орталық нерв жүйесінің зақымдануымен, іш тастауымен сипатталатын, жедел түрде өтетін кантагиозды вирусты ауру.
Аурудың қоздырғышы – Herpesviridae тұқымдасына жататын дирибонуклейнді қышқылы (ДНК) құрамды Herpesvirus bovis I. Табиғи жағдайда ірі қара малдар ауырады. Шаруашылық субъектілерінде ірі қараның инфекциялық ринотрахеит ауруы шыққан кезде ветеринариялық маман әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды. Әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ірі қараның инфекциялық ринотрахеит ауруы шыққаны туралы хабарды алғаннан кейін диагноз қою, эпизоотиялық зерттеу, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтау үшін ауру шыққан жерге тез арада жетуі қажет.
Ауру малдардан басқа малдарды, жаңа эпизоотиялық ошақтарда тұрған малдарды жедел түрде инфекциялық ринотрахеитке қарсы құрғақ вирусвакцинамен қолдану нұсқамасына сәйкес иммунизациялайды.
Ауру малдарды оқшаулап, гипериммунды қан сарысуымен, спецификалық емес глобулинмен немесе реконвалесцентті қан сарысуымен емдейді. Секундарлы инфекциямен асқынған жағдайда ұзақ әсерлі антибиотиктермен, сульфаниламидті нитрофуранды препараттар қолданылады.
А.Тлепов,
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» Жамбыл облысы филиалының меңгерушісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Ж.Макашов,
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» Жамбыл облысы филиалының аға лаборанты.

