Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

95 Views

Жуырда Ақбұлақ ауылдық округінде табиғи дала өртінің алдын алу және оның құмды-далалы жазық пен таулы аймақтарға таралуын шектеу мақсатында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
«Өрт – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына шұғыл әрекет ету топтары, Луговой және Ақыртөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ 15 ауылдық округтің ерікті өрт сөндіру жасақтары қатысты. Жасақтар сапқа тұрғызылып, жетекшілерінен өздеріне жүктелген функционалдық міндеттер тыңдалды және тиісті тапсырмалар берілді. Оқу-жаттығуға барлығы 37 дана техника мен 160-қа жуық адам жұмылдырылды.
«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: