ТӨРТ МЫҢДАЙ ТҮЛЕК жұмысқа орналасады

92 Views

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев
«Жұмысшы мамандықтары жылы»
аясындағы іс-шаралар жоспарының
орындалу барысы жөнінде кеңес  өткізді.

– Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы
мамандықтары жылы» экономика үшін сұранысқа
ие кадрларды даярлаудың нақты мүмкіндігі. Біз
іс-шаралар жоспарын бекіттік, штаб құрдық,
ең бастысы, бұл процесті инвестициялық
жобаларымызбен байланыстырдық, – деп атап
өтті Ербол Қарашөкеев.
Білім басқармасының басшысы Нұрбек
Оршыбековтің айтуынша, 2025-2026 жылдары
«1С» сертификаттау орталығын құру, 220 орындық
жатақхана салу, алты салалық хаб ашу, жұмыс
берушілердің өтінімдері бойынша мемлекеттік
білім беру тапсырысын ұлғайту, сондай-ақ,
шетелдік инвесторларды тарта отырып, жаңа
мамандық ашу жоспарлануда.
Өңірде кәсіпорындар, колледждер мен жоғары
оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы
98 меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде,
3607 студент дуалдық оқыту жүйесімен қамтылды.

Еңбек нарығын білікті кадрлармен
қамтамасыз ету мақсатында жұмыс
берушілердің бастамасы бойынша
жұмысшы мамандықтары негізінде
оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысы шеңберінде 570 мақсатты
орын бөлінді. №9 Меркі колледжіне
«Мерагро Холдинг» серіктестігі
«Токарлық
іс» кабинетінің құрылысына
4 миллион 506 мың теңге инвестиция
тартты.
QyzylshaZher кәсіпорны қолдауының
арқасында №10 Шу колледжінің базасында
«Агрономия» мамандығы бойынша
құзыреттер орталығы ашылды.
«Қазфосфат» серіктестігі «Шолақтау»
тау-кен өндірістік комбинаты базасында
әлеуметтік серіктестікті дамыту жөніндегі
жасалған меморандум аясында
«Химиялық және техникалық саласы
бойынша» құзыреттілік орталығы
құрылды.
№8 Мойынқұм колледжінде «Дәнекерлеу
ісі», «Электрмен жабдықтау
» мамандықтары бойынша оқу
шеберханасы салынуда. Құлан агротехникалық
жоғары колледжінде
агро-хаб ашуға 10 миллион 227 мың
теңге бөлінді. Жаңатас көпсалалы
колледжінде AutoSkills кешенінің
құрылысы жүргізілуде. №9 Меркі
колледжінде IT-хаб ашу жоспарлануда.
Жамбыл политехникалық жоғары
колледжінде KNAUF кәсіпорнымен
әлеуметтік әріптестік негізінде инвестиция
көлемі 25 миллион теңге болатын
оқу орталығын ашу жоспарлануда.
№9 Меркі колледжінде 100 орындық
жатақхана салу жоспарлануда, жобалық-
сметалық құжаттама дайындалды.
Кеңес барысында кәсіпкерлік және
индустриялық-инновациялық даму,
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының
басшылары, сондай-ақ,
Тараз қаласы және аудан әкімдері сөз
сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша
өңір басшысы инвесторлар және ірі
кәсіпорындармен 2025 жылы еңбек
нарығында сұранысқа ие жұмысшы
мамандықтары бойынша оқуын аяқтаған
4 мыңға жуық түлекті жұмысқа
орналастыруды қамтамасыз ету
бойынша жүйелі шараларды жалғатыруды
тапсырды. Сондай-ақ, жыл
соңына дейін облыстың жетекші кәсіпорындарына
100 үздік түлекті жұмысқа
орналастыруды қамтамасыз ету,
өзекті бос жұмыс орындарын ұсына
отырып, Ашық есік күндерін өткізумен,
жұмысшы мамандықтары жылы
шеңберінде ақпараттық-түсіндіру
жұмыстарын жандандыру міндеті
қойылды.
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой: