Іске жауапкершілік – елге жанашырлықтың көрінісі

101 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов жұмыс сапарымен бірқатар елді
мекендерді аралап, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйімен
танысты. Іссапар барысында аудан басшысы аймақ дамуына тікелей әсер ететін
маңызды салаларды бақылаудан тыс қалдырған жоқ.

Сапар барысында аудан әкімі Ернар Серікәліұлы ең алдымен Малдыбай ауылында салынып жатқан
120 орындық жаңа мектеп құрылысының барысымен танысты. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу, сырлау
және қасбетті қаптау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мердігер ұйым мектепті күзге дейін толық
аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Ернар Серікәліұлы мектеп маңын абаттандыру, аумақты
көгалдандыру және оған апаратын жол мәселесін де басты назарға алып, тиісті сала басшыларына
нақты тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі сапар барысында аудан орталығы мен ауылдық округтердегі көше жолдарының жағдайын
да жіті тексерді. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның жұмысы қатаң сынға
ұшырады. Жол сапасына қатысты кемшіліктерге байланысты жауапты мамандарға шұғыл шаралар
қабылдау тапсырылды.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Ауған
соғысы ардагерлеріне арналған саябақтағы
жөндеу жұмыстарының барысын да
назарға алды. Сонымен қатар, аудан
орталығындағы бірқатар саябақтардың
қоқысқа толып, тазалықтың сақталмай
отырғаны сынға алынды. Бұл жағдайға
байланысты ауыл әкімінің жұмысына
нақты ескерту жасалды. Аудан басшысы
қоғамдық кеңістіктердің таза, тартымды
және тұрғындарға жайлы болуы тиіс
екенін қатаң ескертті.
Аудан әкімі жұмыс сапары аясында
ауыл әкімдері мен жауапты бөлім
басшыларына нақты тапсырмалар беріп,
атқарылған жұмыстың сапасына үнемі
бақылау болатынын ескертті.
– «Іске деген жауапкершілік – елге
деген жанашырлықтың айқын көрінісі.
Әр азамат, әр мекеме өзіне жүктелген
міндетті адал атқарса ғана халықтың
сенімі ақталады», – деді Ернар Есіркепов.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: