Тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды
11 ViewsСәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ішкі саясат және спорт салаларындағы негізгі міндеттер мен өзекті мәселелер қаралды. Кеңес барысында…
Сәрсенбі күні Мемлекет басшысының
Жарлығына сәйкес, аудан
әкімі Ернар Есіркепов Жаңатұрмыс
ауылдық округінің тұрғындарымен
кездесу өткізіп, өткен жылы ауданда
атқарылған жұмыстарды баяндап,
биылғы жылға жоспарланған
жобалармен бөлісті.
Жалпы 2024 жылы округке 491,3
миллион теңге қаржы бағытталып,
ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Атап
айтқанда, денешынықтыру-сауықтыру
кешені салынып, ел игілігіне берілді.
Сонымен қатар 110 орындық жаңа
мәдениет үйінің құрылысы басталып,
қазіргі таңда құрылыс жұмыстары
жалғасуда. Одан бөлек бірқатар көшелер
асфальтталып, түнгі жарық шамдары
орнатылды, Қаныш Сәтбаев атындағы
орта мектеп пен балабақша ғимараты
көгілдір отынға қосылды.
Биылғы жылы аталған мектепке
күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
жоспарланған. Жалпы алғанда, Жаңатұрмыс
ауылында тұрғындарға қажетті
негізгі инфрақұрылым толық қамтамасыз
етіліп, әлеуметтік-тұрмыстық
мәселелері
кезең-кезеңімен шешілген
ауылдардың бірі екендігін атап өткен
жөн.
Кездесуден кейін аудан басшысы
Ернар Серікәліұлы Жаңатұрмыс
ау ы л ы н д а с о ң ғ ы ж ы л д а р ы і с ке
қосылған әлеуметтік нысандардың
жұмыс барысын аралап, қызмет сапасын
зерделеді.
АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ
ҚЫЗМЕТІ.