Ақылдың кені – қарттар

8 Views

ЖАҚЫНДА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ 1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ, «ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Аға буынның өмірлік тәжірибесі
мен жас ұрпақтың талабы тоғысқан
тағылымды шараға ауданымыздың ел
ағалары, ардагерлер, білім саласының
өкілдері қатысты. Кездесуге аудандық
мәслихат төрағасы Әбутәліпов Ербол
Абақұлы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан
Қазыбайұлы, аудандық аналар кеңесінің
төрайымы Алагөзова Түзел Селбайқызы аудандық «Құлан таңы» газетінің
бас редакторы Нұрлан Дүйсенәліұлы
Бықыбаев және қазыналы қариялар
Райзо Шәділбеков, Жексен Маткеримов
қатысты.Тағылымды жүздесуде аға
буынның ел дамуына қосқан үлесі,
олардың өмір жолы мен өнегесі, ұрпақ
тәрбиесіндегі орны кеңінен сөз болды.
Қариялар жастарға ақыл-кеңестерін
айтып, білімге ұмтылып, елге адал
қызмет етуге шақырды.
Кездесудің негізгі өзегі – ұрпақтар
сабақтастығын сақтау, үлкенге құрмет көрсету, қариялардың өмірлік
тәжірибесін кейінгі буынға үлгі ету
болды. Қазақ халқы қашанда қариясын төрге шығарып, батасын берекеге балаған. Өйткені қария – елдің
шежіресі, отбасының берекесі,
ұрпақтың ақылшысы. Осындай тағылымды кездесулер арқылы жас
ұрпақ аға буынның өнегелі жолын
танып, олардың елге жасаған еңбегін
бағалауды үйренеді. Қариясын қадірлеген елдің қазынасы ортаймайды. Өткенін ұлықтаған ұрпақтың болашағы
да баянды.
Айым НҰРБЕКҚЫЗЫ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий