«Ауыл аманаты» бағдарламасы: Жамбыл облысында қайтарылған қаражат есебінен 711 жобаға несие берілді

82 Views

Жамбыл облысында «Ауыл
аманаты» бағдарламасы аясында
қайтарылған қаражат есебінен
5,1 млрд. теңгеге 711 жоба
несиелендірілді.
Атап айтқанда, мал
шаруашылығын дамытуға – 240
жоба, жылыжай кешендерін салу
бағытында – 33 жоба, ал басқа
да бизнес бастамалар бойынша 438
жобаға қолдау көрсетілді.
2025 жылы бағдарламаны
іске асыруға 5 млрд. теңге
қарастырылған. Бұл қаржы 25
ауыл шаруашылығы кооперативі
мен 450 жеке кәсіпкерді қолдауға
бағытталып, 525 жаңа жұмыс орны
құрылмақ.

Мәселен, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан
ауылының тұрғыны Марат Алғашбек
мемлекеттік бағдарлама аясында 9 млн.
200 мың теңге көлемінде жеңілдетілген
несие алып, газоблок шығаратын
өндірістік цех ашты. Жоба шеңберінде
бірнеше жергілікті тұрғын тұрақты
жұмыспен қамтылып отыр.
Бүгінде кәсіпкер өндіріс аясын
кеңейтіп, пластик терезе мен есік жасау
ісін де қолға алған. Оның айтуынша,
ауыл ішінде бұл қызмет түріне сұраныс
жоғары.
Т.Рысқұлов ауданында «Ауыл
аманаты» жобасы 5 ауылдық округте
жүзеге асырылуда. Жоба аясында
847 азамат жеке кәсіпкер атанып, 863
адамды жұмыспен қамтып отыр.
2019-2023 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» бағдарламасын
жүзеге асыру үшін 42,2 млрд. теңге
қарастырылды. Бағдарлама игілігін
жалпы 62 ауылдық округтің тұрғындары
көрді.
Нәтижесінде 8028 азамат несие
алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.
Ауылдық елдімекендерде жалпы 37044
жұмыс орны құрылды, оның 22 838-і
тұрақты.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы
атаулы әлеуметтік көмек алушылар
санының қысқаруына оң әсер етті.
2020 жылдың 1 шілде сіндегі
мәлімет бойынша атаулы әлеуметтік
көмек 36259 адамға тағайындалса, 2025
жылдың 1 маусымына бұл көрсеткіш
18 435 адамды құрады. Осылайша
бағдарлама нәтижесінде АӘК алушылар
саны 17824 адамға азайып отыр.
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой: