Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ, АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

108 Views

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылғы 24 тамызға Т.Рысқұлов ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2. 2025 жылғы 24 тамызға тағайындалған Т.Рысқұлов ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс- шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Құлан таңы» газетінде жариялансын.
Төраға М.ТЛЕПОВ.
Хатшы А.САДЫҚ.
Құлан ауылы,
16 шілде,2025 жыл
№5

Поделиться ссылкой: