Аудан басшысы «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында 6 тұрғынды жеке мәселелерімен қабылдады
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан жер учаскесін заңдастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ұлттық ат спортын дамыту және әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты мәселелер көтерілді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті заң талаптарына сай түсіндірмелер беріліп, бірқатар өтініштер қосымша зерделеуді талап ететіндіктен нақты шешім қабылданғанға дейін бақылауға алынды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
