Кеңес отырысы өтті
Ауданға жұмыс сапарымен келген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алтай Сембекұлы «Түрксіб» темір жол вокзалына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берген болатын.
Аталған тапсырмалардың орындалу барысын талқылау мақсатында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Жиында вокзал аумағындағы құрылыс жұмыстарының сапасы, жұмыс кестесінің орындалуы, техникалық бақылау мен жобалық шешімдер мәселелері қаралды. Кеңеске жергілікті атқарушы органдардың, мердігер және жобалаушы ұйымдардың, сондай-ақ, темір жол саласының жауапты мамандары қатысты. Кеңес қатысушылары өздеріне туындап жатқан қиындықтар мен кедергілерді де жеткізіп, оларды жою бойынша ұсыныстарын білдірді. Кеңес қорытындысында аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
«Құлан медиа» ақпарат.
