ЕСКЕРТПЕ: Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48 бабына сай және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығының талаптары негізінде:
«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата туру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы заңы (будан әрі – Заң ) нормаларының қолданылу кезеңінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ, шетелдіктердің қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беруге рұқсат етілмейді.
ҚР-ның жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста:
1)Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауылшаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауылшаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауылшаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауылшаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауылшаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс шараларды орындау;
3) Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылысын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» «2025 жылғы 23 желтоқсанға» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн откен соң желтоқсан айының 1-нен бастап 22 желтоқсанға дейін өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні яғни 2025 жылдың 23 желтоқсаны жер комиссиясы түскен жабық конверттері ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі.
