33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Партиялық бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды
206 Views
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ернар Құралбаев 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламаның орындалуы жөнінде баяндама жасады. Ернар Сәбитбекұлы өз баяндамасында жол картасындағы 62 индикатордың 39-ы толық орындалғанын,18-нің жұмысы жалғасып жатқанын және бір индикатордың мерзімі әлі келмегенін айтты. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты 2 индикатордың орындалмай қалу қаупі бар екенін де жеткізді.
Екінші мәселе – «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы туралы болды. Бұл жөнінде аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Темірғали Биғазиев баяндама жасады. 2019-2024 жылдар аралығында 5 ауылдық округтен 2583 аула жобаға қатысып, егін, мал шаруашылығы, кәсіпкерлік бағыттарда қолдау алған. Мысалға 835 тұрғынға 3,7 миллиард теңге несие беріліп, 32 мыңнан астам мал басы сатып алынған.
Жиын соңында депутаттар өз тарапынан сауалдар қойып, нақты жауаптар алды.
Айнұр Диханова.

