Жұқа мұз – жасырын қатер
Қыстың алғашқы күндері ең қауіпті уақыт. Көлдер толық қатпайды, ал жұқа мұз кез келген сәтте опырылып кетуі мүмкін. Жұқа мұз – жасырын қатер. Осыны ұмытпаңыз.
Сырғанамаңыз, үстімен жүрмеңіз, қатпаған жерге жақындамаңыз.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Олар қауіптің қаншалықты үлкен екенін сезбейді.
Ескерту белгілері қойылған жерден аулақ болыңыз.
Қауіпсіз мұз қалыңдығы: 10-12 см.
Оны сырттан анықтау мүмкін емес, сондықтан қатпаған көлге шықпаған дұрыс.
Мұздай су бірнеше секундта өмірге қауіп төндіреді.
Қауіп төнсе 112.
Суға түскен адамға өзіңіз секірмей, арқан, бұтақ немесе киім созып көмек көрсетіңіз.
Қауіпсіздік сіздің таңдауыңыз.
Мұз толық қатпайынша көлге бармаңыз.
«Құлан таңы» ақпарат.
