Жүрекке жылулық сыйлаған концерт

145 Views

Жүрекке жылулық сыйлаған концерт

Жуырда Мэлс Өзбеков атын­дағы аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары  Көгершін, Құмарық, Көкдөнен және Ка­менка ауылдарына концерттік бағ­дарламамен барып, жаны жайсаң ауыл тұрғындарының қоше­метіне бөленді.

Бізге жеткен мәлімет бойынша «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан»  деген тақырыппен ұйымдастырылған 4 ауылдағы жылжымалы мере­келік концерттерде халық ән­дері мен сом жүректің қылын тербететін патриоттық әндерді аудандық мәдениет үйінің өнер­паздары орындапты.

Қазір  аудандық мәдениет үйі­­нің жанынан құрылған Басқар Битанов атындағы халық­тық театрдың әртістері көп­те­ген байқаулардан жүлдемен ора­лып жүр. Көгершін, Құма­рық, Көкдөнен және Каменка ауыл­дарында өткен жылжымалы концерттік бағдарламада Бас­қар Битанов атындағы халық­тық театр әртістері театр­ландырылған көрініс қойып, көрермендердің шын ықылас пейіліне кенеліпті. Одан бөлек  Айкен Асан, Нұрлан Әмірбетов Қожахмет Берікұлы триосы  Ер­болат Қарақойшының «Елім деп соққан жүрегім»,  Жан­сая Сәрсенбаева Ұшқын Жамал­бектің  «Ұлы елім»,  «Достар» триосы  Руслан Мамытовтың  «Қазақ деген ұлы елміз»,  «Сұлу­төр» халықтық вокалды аспапты ансамблі  Алтынбек Қораз­баевтың «Айхай 25», Досым Сүлеевтің «Қайдасың», Сей­долла Бәйтерековтың «Күнге та­быну», Айдана Лесқұл  Ескен­дір Хасанғалиевтің «Са­ғын­дым сені»,  Қожахмет Берік­ұлы «Айналайын осы ауыл­­дың қыздар-ай!»,  Жансая Сәр­сенбаева мен Айдана Лесқұл дуэті Медет Салықовтың  «Мың ал­ғыс»,  Нұрлан Әмірбетов пен Күлімкөз Пірімқұлова дуэті Дүйсен Бықыбаевтың  «Ағайын», Айкен Асан «Қазағым» және әнші­лер тобы  Мэлс Өзбековтың «Көкдөнен тау» әндерін шыр­қаса, «Әдемі-ау»  халықтық би ансамблінің қыздары да би би­леп, көпшіліктің алғысына кенелгенін естідік.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: