230 Views
Бүлдіршіндердің күлкісі мен шаттығына ұласқан мерекелік бұл кеш №6 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды.
Дәстүрге айналған игі шара аясында ауданның әр аймағынан іріктелген 100 бала Жаңа жылдық думанға қатысты. Мерекелік басқосуға аудан әкімі Ернар Есіркепов те келіп, жас қонақтарды құттықтап, олардың жүрегіне қуаныш ұялатар жылы лебізін арнады.
Кештің сәнін кіргізген сәттердің бірі – А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры әртістерінің жаңа жылдық қойылымы болды. «Жыл патшалығының құпиясы» атты ертегі сахналанып бүлдіршіндерге ұмытылмас көңіл күй сыйлап, мерекенің ажарын аша түсті. Шара соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді.
«Құлан медиа» ақпарат.
Поделиться ссылкой: