Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы –басты құндылық

157 Views

Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы –басты құндылық

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкіл – мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын басшылыққа алады.

Әдеп жөніндегі уәкіл мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:

  1. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіре түсуіне ықпал ету, нақтылай айтқанда түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  2. Ақпараттық сипаттағы жұмыстарды атқару.
  3. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдауды жүзеге асыру.
  4. Ұжымдарда моральдық әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға көмектесу (анонимдік сауалнамалар жүргізу).

Сыбайлас жемқорлық – жегі құрт

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны параға сатып алу, пара ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

М.Маратбек,

Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы.                                                          

 

 

Поделиться ссылкой: