Аудан ардагерлері Түркістанның тарихи орындарын аралады

36 Views

Өткен аптаның демалыс күндері
аудан әкімдігінің бастамасымен
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
шеңберінде аудандағы түрлі сала
ардагерлері үшін Түркістан қаласына
екі күндік танымдық сапар ұйымдастырылды. Аталған шара аға буын
өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың
рухани тынығуына және мәдени
танымдық демалысына жағдай жасауға
бағытталды.
Сапар барысында ардагерлер Түркістан қаласының тарихи-мәдени орындарын аралап, халқымыздың рухани
мұрасымен танысты. Атап айтқанда,
Арыстан баб және Қожа Ахмет Ясауи
кесенелеріне зиярат етіп, қасиетті мекендердің тарихына қанықты. Сондай-ақ, заманауи сәулетімен ерекшеленетін«Керуен Сарай» туристік кешенін тамашалап, көне шаһардың бүгінгі
келбетіне куә болды.
Екі күндік сапар ардагерлерге
ерекше әсер сыйлап, олардың  өзара пікір алмасып, емен-жарқын
әңгімелесуіне мүмкіндік берді. Өз кезегінде аға буын өкілдері осындай игі бастаманың ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдіріп, аудан басшылығына алғыстарын жеткізді.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий