Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
29 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Мәжіліс депутаты бірқатар нысандардың жұмысымен танысты
Өткен сенбіде ауданға арнайы іссапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова келді. Халық қалаулысы аудан әкімі Ернар Есіркеповпен бірге бірқатар нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен және өзекті мәселелермен танысты.
Ең алдымен депутат аудандық Жастар ресурстық орталығының жаңадан қоныстанған ғимаратына барды. Айта кету керек, бұл нысан бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-тың теңгерімінде болған. Кейін Гүлдара Алданышқызының атсалысуымен және аудан әкімдігінің ұзақ мерзімді келіссөздер жүргізуінің нәтижесінде бос тұрған ғимарат ауданның коммуналдық меншігіне алынып, толықтай қайта жаңғыртылып, аудан жастарының игілігіне берілді. Осы ретте Гүлдара Алданышқызына аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық Жастар ресурстық орталығы директорының м.у.а. Әбіләшім Мырқасымов тарапынан алғыс айтылды. Сондай-ақ, аудан басшысы жастарға жасалып жатқан бірқатар баянды бастамаларды баяндап берді.
Іссапар барысында Гүлдара Нұрымова Көкдөнен ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің және Құмарық ауылындағы емдеу мекемесінің бүгінгі жай-күйімен де танысты.
Сапар соңында Мәжіліс депутаты Жарлысу ауылындағы су имаратына арнайы барып, облыс әкімінің қолдауымен орнатылған су тазартқыш қондырғысының жұмысымен танысты. Аталмыш ауылда 1000-нан астам тұрғын, 190-нан астам түтін бар. Бүгінде сол аулалардың 140-тан астамына су есептегіш құралдары орнатылған.
Жәнібек Сұлтан.