Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
63 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Ақбұлақта алпыс әке бас қосты
Сейсенбі күні Рахым Сәбденов ауылындағы Ақбұлақ орта мектебінде тағылымы терең, мағынасы бөлек шара өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Әкелер кеңесінің қатысуымен ұйымдастырылған бұл басқосу – ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әкелердің бірлігін көрсетті.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне Ақбұлақ орта мектебінің ұжымы үлкен үлес қосты. Әкелерге арнап жүрекке жетер әндер шырқалып, тәрбиелік мәні зор өлеңдер оқылды. Әрбір айтылған сөз – әке мен бала арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналды.
Бұл кездесудің басты мақсаты – мектеп өміріне әкелерді барынша тарту, бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті күшейту, ұрпаққа өнегелі тәрбие беру. Себебі әкенің тәрбиесі – баланың болашағы, елдің ертеңі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.