Сайлау процесі: Қорытынды және алға қойған міндеттер

198 Views

Сайлау процесі: Қорытынды және алға қойған міндеттер

Осы жылдың 14 қаңтарында Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы атқарған жұмыстары және

2026 жылға жоспарланған жұмыс барысы туралы сайлаушылармен есептік кездесуі өтті.

Аталған  жиынға  Жамбыл  облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдап­келов, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әбілқайыр Асқарұлы Боранбаев, Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Серікәліұлы Есіркепов және аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары, сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік орган­дардың басшылары, Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы мен бас инспекторлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі мен жергілікті қауымдастық кеңестің төрағалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Әміреұлы Тлепов 2025 жылы Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атқарған жұмыстарына және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысына тоқталып өтті.

Өткен жылдың басынан бері өткен 8 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы (Абай, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Қайыңды, Қорағаты, Өрнек, Тереңөзек, Ақбұлақ) бойынша баяндады. Сондай-ақ, 2026 жылы ауылдық округ әкім­дерінің өкілеттілік мерзімдерінің аяқта­луына байланысты ауыл әкім­дерінің кезекті сайлауы бойынша ақпарат берді.

Келесі сөз кезегі Т.Рысқұлов ау­даны әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Қамарғалиұлы Нұрғалиевке берілді. Өз баяндамасында ол жергілікті атқарушы орган мен аумақтық, сондай-ақ, учаскелік сайлау комиссиялары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, сайлау науқанын ұйымдастыру барысында заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сайлау комиссияларының үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар  жасау  мәселелері  сөз болды.

Сонымен  қатар  баяндамашы  сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында атқары­лып жатқан жұмыстар туралы мәлі­мет берді. Оның ішінде, сайлау учаскелерін қажетті құралдармен, байланыс құралдарымен, компьютерлік техникамен, дауыс беру кабиналарымен қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар атап өтілді. Бұл жұмыстардың барлығы сайлау процесінің ашықтығы мен қолайлылығын арттыруға бағытталғаны айтылды.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов есептік кездесудің маңыздылығы, облыс көлеміндегі сайлау мәселелері, сайлау жүйесіндегі жаңа реформалар, сайлаудың ашықтығы мен жариялылығы, кандидаттардың сенім білдірген адамдары мен саяси партиялардың байқаушыларының құқықтары мен міндеттері, сай­лау­шылар тізімдерін өзектендіру жұмыстары туралы баяндады.

▲ «ҚР Орталық сайлау комис­сиясының және облыстық сайлау комиссиясының  ұйымдастыруымен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру бағытында көптеген ауқымды жұмыстар атқа­рылды.

▲ Комиссия мүшелерінің сайлау жүйесіндегі білімі мен кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған кезеңдік оқытулар, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар және т.б. ісшаралары ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шараларда сайлау процесін ұйымдастырушыларға сайлау­дың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге басымдықтар берілді.

Осы атқарылған жұмыстардың нәти­жесінде облыстағы барлық денгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі едәуір жоғарылады деп айтуға негіз бар.

Оның айғағы,  өткен алты  жылда сайлау  комиссияларының сайлауды даярлауға  өкілеттігі бар мемлекеттік органдар, саяси партиялар және қоғам­дық  ұйымдармен  бірлесе отырып, 

ҚР  Президентінің екі сайлауын, Парла­менттің екі Палатасының (Сенат және Мәжіліс), барлық деңгейдегі мәс­ли­хат депутаттарының екі  сайлауын, Республикалық  Референдумды және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ және аудан  әкімдерінің сайлауын  заң талаптарына сәйкес өткізуі.

▲ Сонымен қатар жастарымыздың  қоғамдағы рөлі мен  олардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында, өткен жылы өңірлерде  «Жас сайлау­шылар» клубтары құрылып өз жұмыс­тарын бастады. Бір сөзбен айтқанда, жас сайлаушылар клубтары диалог пен практикалық алаң ретінде қызмет атқарып, жастар тарапынан қолдау табуда. Олар білім беру квиз­дерін, комикс­терді, интерактивті мате­риал­дарды, сондай-ақ, мектеп, колледж және университет денгейіндегі өзін-өзі басқару аясында түрлі жобаларды даяр­лап іс жүзінде жүзеге асыруда.

Оның айғағы ретінде өңірлерде өткен  жас сайлаушылар форумын айтуға бола­ды. Онда жастар сайлау жүйесі ту­ралы кең ауқымды ақпарат алып қана қоймай, пікірталастарға қатысып, өз сауал­дары мен ұсыныстарын ортаға салды».

Кездесу барысында аудан әкімі Ернар Серікәліұлы Есіркепов сөз сөй­леп, сайлаудың ел өміріндегі маңызына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, сайлау процесін заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ түрде ұйымдастырылып өткізілгенін атап өтіп, бұл бағытта облыстық және аудандық аумақтық сайлау комис­сиялары тарапынан учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің білік­тілігін арттыруға арналған семи­­нар-кеңестердің маңызды рөл атқар­ғанына тоқталып өтті.

Өз сөзінде аудан әкімі алдағы сай­лаудың жоғары деңгейде өтуі үшін барлық қажетті жағдайлар жаса­лып жатқанын атап өтіп, жиынға қатысу­шыларды азаматтық белсенділік таны­туға шақырды.

Жиын барысында қатысушылар тара­пынан түрлі сұрақтар қойылып, көтерілген мәселелер бойынша қолда­ныстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты әрі нақты түсін­дірмелер берілді. Қатысушыларды толғандырған сауал­дарға жауап беру арқылы сайлау процесіне қатысты өзекті жайттар кеңінен талқыланды.

Іс-шара барысында Жамбыл об­лыс­­тық аумақтық сайлау комис­сия­сының төрағасы Серғали Өмірзақ­ұлы Айдапкелов пен Т.Рысқұлов ауданы­ның әкімі Ернар Серікәліұлы Есіркепов сайлау науқаны кезінде жоғары ұйымдастырушылық қабілет пен жауапкершілік танытқан комиссия мүшелерін Жамбыл облыстық аумақ­тық сайлау комиссиясының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен мара­паттады.

С.Айдапкелов сайлау процесін заңнама талаптарына сай, ашық әрі әділ өткізуге қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, атқарылған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта да сайлау жүйесін жетілдіру бағытындағы бірлескен жұмыстарға сәттілік тіледі.

Кездесу соңында қатысушыларға сәттілік тілеп, ел бірлігі мен тұрақ­тылығын нығайту жолында бірлесе еңбек етуге үндеді.

Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Поделиться ссылкой: