Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Кітап –жан азығы
Өткен жылы өңірде «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы бастау алған болатын. Жобаның басты мақсаты – өңір тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты кітап оқуға баулу.
Жоба аясында аудан әкімі Ернар Есіркепов кітап қорын толықтыру мақсатында аудандық кітапханаға өзі оқыған кітаптарын сыйға тартқан еді. Баянды бастаманы бірнеше азамат қолдап, кітапхана қоры бірнеше кітапқа толықты.
Жақында бұл игі дәстүр жалғасын тауып, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Мұратхан Жүнісәліұлы өзінің жеке кітап қорынан 50-ге жуық кітапты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне сыйға тартты. Өз кезегінде кітапхана ұжымы да шексіз ризашылығын білдіріп, оқырмандар атынан алғыс айтты.
«Құлан медиа» ақпарат.