Тергеу судьясы

160 Views

Тергеу судьясы

Тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Қылмыстық процестік кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады.

Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясына келесідей өкілеттіктер берілген. Атап айтқанда, тергеу судьясы сотқа дейінгі іс барысында   күзетпен ұстауды санкциялау,  үйқамақты санкциялау, лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау, жақындауға тыйым салуды санкциялау, экстра­дициялық қамақты санкциялау, жасырын тергеу әрекеттерін жүргі­зуді, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін ұзартуды санкциялауды, күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту, кепіл қолдануды санкциялауды, мүлікке тыйым салуды санкциялау, күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін ар­наулы медициналық ұйымға ауыстыру, мәйітті эксгумациялау, күдіктіге, айып­талушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелерін қарайды. Қарап-тексеруді санк­циялау, тінтуді санкциялау, алуды санкциялау, жеке тінтуді санкциялау, мәж­бүрлеп куәландыруды санкциялау, үлгі­лерді мәжбүрлеп алуды санкциялау мәселе­лерін қарайды.

Күзетпен  ұстауды, үй қамақты, экстрадициялық қамақты санкциялау мен мерзімдерін ұзарту мәселелерін қарау кезінде міндетті түрде тарап­тардың қатысуымен сот отырысы өткізіледі және сот отырысының уақыты мен орны туралы қорғаушы мен прокурорға күні бұрын хабарланады.

Тергеу судьясы істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, тергеп-тексеру бағыты және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың және қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ, істі мәні бойынша қарайтын соттың орнына әрекет жасауға және шешім қабылдауға тиіс емес.

Күдікті өзіне азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті.

 С.Узбеков,

аудандық соттың судьясы.

Поделиться ссылкой: