Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Құлан ауылдық ардагерлер кеңесінің есеп беру және сайлау жиналысы өтті
Жақында аудандық мәдениет үйінде Құлан ауылдық ардагерлер кеңесінің есеп беру және сайлау жиналысы өтті.
Жиынға облыстық ардагерлер ұйымы төралқасының мүшесі Қасымхан Төлендиев, аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, сондай-ақ, Құлан ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы мен мүшелері қатысты.
Жиын барысында Құлан ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Берік Әліпбаев атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы сөз сөйлеп, ардагерлерге қоғамдық жұмыстарға әрдайым белсенді атсалысқаны үшін шынайы алғысын білдіріп, бірқатар ұсыныстарын да жеткізді.
Қазіргі таңда аудан бойынша 9 бастауыш ардагерлер ұйымы тіркеліп, олардың барлығында есеп беру–сайлау жиналыстары өткізілді. Аталған жиналыстардың қорытындысы бойынша бастауыш ұйымдардың төрағалары сайланып, ұйым жұмысы жүйелі түрде жолға қойылды.
Жиын соңында облыстық ардагерлер ұйымы төралқасының мүшесі Қасымхан Естемесұлы аудандық ардагерлер ұйымының жұмысына жоғары баға беріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.
«Құлан медиа» ақпарат.