Қайтарымсыз грант – жаңа мүмкіндіктердің бастауы

45 Views

Пластик терезе қазіргі заманда  кез келген  үйдің ажырамас бөлігі. Бүгінде оны жасау ісі де сұранысқа ие бағыттардың біріне айналып отыр.

Құлан ауылының тұрғыны Әділет Асылбеков былтыр мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың нәтижесінде осы саланы кәсіп көзіне айналдырып, пластик терезе жасау ісін дамытып отыр. Кәсіпкер бұл саланың қыр-сырын әуелі жалдамалы жұмысшы болып жүріп меңгерген. Жылдар бойы тәжірибе жинап, өз кәсібін  ашуды армандаған ол мемлекет тарапынан берілетін қолдау туралы естіп, бизнес жобасын ұсынып көруге шешім қабылдайды. Сөйтіп былтыр қайтарымсыз мемлекеттік  грантқа қол жеткізіп, қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Соның арқасында өз кәсібін бастап, бүгінде ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді.

– Пластик терезе жасауды Ақтау қаласында жұмыс істеп жүрген кезімде үйрендім. Былтыр мемлекет тарапынан грант иегері болдым. Есік алдынан кішігірім цех ашып, пластик терезе жасаумен айналысып келемін, дейді – Әділет Асылбеков.

Қазіргі таңда кәсіпкер пластик терезе жасау мен өлшемін алу, терезелерді жөндеу, жаңа терезелерді орнату жұмыстарын атқарады. Оның қызметіне тек Құлан ауылы ғана емес, көршілес елді мекендерден де тапсырыстар түсуде.

– Әділет ағамның қолында жұмыс жасап жатқаныма 1айға жуық уақыт болды. Қазіргі таңда пластик терезенің кез келген түріне тапсырыс қабылдаймыз.Бізге тапсырыс берсеңіздер болады. Сапалы әрі жылдам орнатып береміз, – дейді Садыр Кенжебек.

Кәсіпкердің айтуынша, мемлекет тарапынан берілген мұндай қолдау өз ісін бастауға үлкен мүмкіндік. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалана білген ол алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету аясын одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.

 Ақжарқын Мұратбек.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий