Баршаның назарына!
23 ViewsБаршаның назарына! Ардақты ағайын, қадірлі қонақтар! Сіздерді қазақтың ұлттық дәстүрі мен рухы тоғысқан айшықты мереке саналатын «Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасына шақырамыз! Бұл іс-шара Мемлекет…
Жақында Қорағаты ауылынан жолданған тазалық эстафетасы өткен аптада Луговой ауылында өз жалғасын тапты. Сенбілікке Луговой ормандар шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері мен Луговой рельс дәнекерлеу зауытының ұжымы, ауыл тұрғындары мен жастары қатысып, аумақты қоқыстан тазарту және қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Ортақ іске жұмылған көпшілік туған жердің тазалығына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, ауыл ішіндегі ауызбіршілікті нығайтуға оң әсерін тигізуде. Шара соңында қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, ыстық тағам ұсынылды. Ортақ іске үлес қосқан еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды. Осылайша, луговойлықтар тазалық эстафетасын Көгершін ауылына жолдады.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.