«Айбын — 2026» әскери патриоттық байқауы өтті

16 Views

«Айбын –– –2026» әскери–-патриоттық байқауы өтті

Осы аптада ауданда ел жастарының патриоттық рухын көтеруге бағытталған дәстүрлі «Айбын – 2026» әскери-патриоттық байқауы өтті. Шара «Аманат» партиясы аудандық филиалының қолдауымен және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқауға аудан мектептерінен құралған 11 команда қатысып, өздерінің әскери машықтары мен физикалық дайындықтарын сынға салды. Оқушылар саптық дайындық, кедергілер жолағынан өту және түрлі әскери жаттығулар бойынша бақ сынасып, ептілік пен төзімділіктің үлгісін көрсетті. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиеге баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және ҚР-ның Қарулы Күштерінің беделін арттыру.

 «Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий